31-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

KIHE 2026 көрмесіндегі Республикалық БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ

2026 жылғы 21–22 мамырда Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында (9-павильон), KIHE & PharmaTECH 2026 көрмелері аясында III Республикалық Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026 өтеді.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі барысында Алматы қаласындағы медициналық білім беру ұйымдарының түлектері алғашқы жұмыс орындарын табуға мүмкіндік алады, ал жұмыс берушілер мен жергілікті атқарушы органдар кадрларға деген қажеттілікті толықтыра алады.

💡 Жәрмеңке аясында мемлекеттік сектор мен жеке компаниялардың әлеуетті жұмыс берушілерімен кездесіп, қолжетімді бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға мүмкіндік беріледі.
🩺 Мемлекеттік клиникаларда, ЕПҰ-ларда және жеке компанияларда мансапты дамытуды жоспарлап жүрген студенттер мен жас мамандарды қатысуға шақырамыз.

Ярм на сайт kaz

Жәрмеңкеде сіздерді күтеді:
🔹 Мемлекеттік медициналық ұйымдардың өкілдерімен тікелей кездесу

🔹 Әртүрлі өңірлердегі өз бағытыңыз бойынша жұмысқа орналасу және мансаптық мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алу мүмкіндігі

🔹 Өзекті бос жұмыс орындары мен тағылымдамалар тізімі

⚕️ Қатысушылар қатарында: Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы», ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК, Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы, «ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» және Алматы облысынан 20 медициналық ұйым бар.

Ұйымдастырушы: Алматы қаласы Клиникалар қауымдастығы

Бірлескен ұйымдастырушылар:

Қазақстандық ITECA көрме компаниясы («ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» – KIHE 2026 31-Қазақстандық халықаралық көрмесінің ұйымдастырушысы)
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті
4Study.kz Білім және дағдылар академиясы

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО, 9-павильон

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026 қатысу үшін алдын ала тегін онлайн-тіркеуден өту қажет: kihe.kz сайты арқылы KIHE26VAK ПРОМОКОДЫН пайдаланып («Билет алу» бөлімі).