31-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

LabTechnology: зертханалық диагностика және диабетті бақылауға арналған заманауи шешімдер

«LabTechnology» — KIHE 2026 көрмесінің тұрақты қатысушысы, жетекші ресейлік және шетелдік өндірушілердің зертханалық жабдықтарын, реагенттерін, шығыс материалдарын және диабетті диагностикалауға арналған құрылғыларын жеткізуші компания.

Көрме күндері компания стендінде жоғары дәлдіктегі зертханалық жабдықтар мен диагностикалық құрылғылардың технологиялық жаңалықтары ұсынылады.

Компания стендінде ұсынылады:

  1. CM–6M, CM–6MT зертханалық центрифугалары, ELMI, Латвия

LabTech Центрифуга лабораторная CM6M CM6MT ELMI Латвия

CM–6MT, CM–6M зертханалық центрифугалары ерітінділерді фракцияларға бөлуге арналған және микробиологияда, вирусологияда, клиникалық биохимияда, биологияда, аналитикалық химияда және басқа салаларда қолданылады.

2. ДТпрайм II детекциялайтын амплификаторы

LabTech Амплификатор детектирующий ДТпрайм II

ДТпрайм II детекциялайтын амплификаторларының жаңа буыны жетілдірілген сипаттамаларға және кеңейтілген функционалға ие, сонымен қатар ДТпрайм сериясының барлық артықшылықтарын сақтайды.

ДТпрайм II амплификаторлары сапалық және сандық ПТР-талдау үшін арналған: патогендерді анықтау, генотиптеу, микробиомды зерттеу, ген экспрессиясы, жоғары ажыратымдылықтағы балқу қисықтарын талдау (HRM), FRET, LAMP және т.б.

3. ДТстрим

Қолдану саласы және жұмыс істеу принципі.

ДТстрим станциялары ПТР-зерттеулерін жүргізуге дайындық кезінде және секвенирлеуге (NGS) дайындық барысында қолданылады. Реагенттерді автоматты түрде мөлшерлеу нуклеин қышқылдарын бөліп алу және реакциялық қоспаны дайындау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Әртүрлі биоматериал түрлерімен жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған: толық қан, нәжіс, сілекей, қақырық, сүт, зәр, қуықасты безі секреті, эпителий жасушаларының қырындылары, эякулят.

4. URIT-5160 гематологиялық анализаторы

LabTech Гематологический анализатор URIT 5160

URIT Medical Electronic Group Co., Ltd, ҚХР

URIT-5160 гематологиялық анализаторы — әлемдік жетекші өндірушілердің аналогтарынан кем түспейтін жаңа буындағы зертханалық құрылғы. Қолдануға ыңғайлы, шығыс материалдарын үнемді пайдаланатын, толық автоматтандырылған 28 параметрлі анализатор. Лейкоциттерді 5 популяцияға ажыратады, 2 гистограмма, 2 скаттерограмма және 2 үшөлшемді стереограмма құрастырады.

5. МХ–50 микроскопы, WestMedica, Австрия

LabTech Микроскоп МХ 50

МХ–50 — ғылыми-зерттеу қызметінде, зертханалық зерттеулерде, медицинада, биологияда және химияда кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған толық жинақталған бинокулярлы микроскоп.

6. Anytime CT300D Yuwell глюкоза деңгейін үздіксіз мониторингілеу жүйесі, Қытай

LabTech Система непрерывного мониторинга глюкозы СТ 3 в описание

CT3 сериялы гликемияны үздіксіз мониторингілеу жүйесі — 14 жастан асқан адамдардағы қант диабетін бақылауға арналған, нақты уақыт режимінде глюкоза концентрациясын үздіксіз өлшейтін құрылғы.

  • Қандағы қант деңгейін әр 3 минут сайын автоматты өлшеу
    • Bluetooth арқылы деректерді қауіпсіз әрі ыңғайлы беру

«LabTechnology» компаниясынан сіз мыналарды таба аласыз:

  • ПТР зертханаларына арналған жабдықтар және оларға арналған шығыс материалдары
    • ПТР-зертханаларын автоматтандыру
    • Клинико-диагностикалық зертханаларға арналған жабдықтар (гематологиялық, биохимиялық, иммуноферменттік анализаторлар, коагулометрлер, гемоглобинометрлер, зәр анализаторлары)
    • Диабетті диагностикалауға арналған анализаторлар
    • Глюкозаны үздіксіз мониторингілеу жүйелері, глюкометрлер
    • Тонометрлер
    • Негізгі зертханалық жабдықтар
    • Иммуноферменттік талдауға арналған реагенттер (онкомаркерлер, гормондар)
    • Биохимиялық зерттеулерге арналған реагенттер
    • Цитохимиялық, микробиологиялық және микроскопиялық зерттеулерге арналған бояғыштар
    • Шыныдан, пластиктен және фарфордан жасалған зертханалық ыдыстар
    • Микроскоптар
    • Дозаторлар мен ұштықтар
    • Ламинарлық және ПТР-бокстар
    • Иммунохроматографиялық экспресс-тесттер
    • Дезинфекциялау құралдары

Компания мамандары сіздерді өз клиенттері мен серіктестері қатарында көруге әрдайым қуанышты — 11-A17 стенді, Алматы, «Атакент» ҚІЫО, 11-павильон! Сіздерді күтеміз!