31-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

R Optics Medical: сараптамалық деңгейдегі офтальмологиялық ультрадыбыстық диагностика құрылғылары

R Optics Medical — KIHE-2026 көрмесінің қатысушысы және Қазақстан аумағындағы офтальмологиялық жабдықтардың танымал дистрибьюторы.

Компания нарықта өзін бұрыннан дәлелдеген әлемдік жетекші өндірушілердің офтальмологиялық жабдықтарын жеткізуге маманданған:

  • OCULUS Optikgeräte GmbH (Германия);
    • Quantel Medical (Франция);
    • Topcon (Жапония);
    • Phoenix Technology Group (АҚШ);
    • Optomed Plc. (Финляндия).

R Optics Medical кең ауқымды өнім желісін және қызметтердің толық циклін ұсынады: алғашқы консультациядан бастап жабдықты орнатуға дейін, сондай-ақ медициналық персоналға жабдықты тиімді пайдалану, пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша міндетті оқыту бағдарламаларын өткізеді.

Компанияның сервистік инженерлері өндіруші зауыттарда тереңдетілген оқудан өтіп, тиісті сертификаттарға ие болған. Сервистік қызмет мамандары жабдықты пайдалану, кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету бойынша қажетті техникалық және ақпараттық қолдау көрсетуге әрдайым дайын.

KIHE 2026 көрмесінің барлық күндері Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО, 10-павильон, 10-23 стендінде келесі құрылғы ұсынылады:

ABSOLU
Сараптамалық деңгейдегі офтальмологиялық ультрадыбыстық диагностикалық құрылғы

R OPT Couv ABSolu 1

Өндіруші: Quantel Medical, Франция

  • Әлемдегі ең жоғары сапалы УБМ-суреттер
    • Датчиктің көзге қатысты орнын автоматты анықтау жүйесі
    • Заманауи әрі стильді дизайн

СІЗДЕРДІ KIHE көрмесіндегі R Optics Medical стендінде күтеміз!