Қарқынды терапия және анестезиология: KIHE 2026 аясында халықаралық тәжірибе мен заманауи технологиялар
KIHE 2026 көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында медицинадағы ең жауапты бағыттардың бірі — қарқынды терапия мен анестезиология мәселелеріне ерекше назар аударылады.
2026 жылғы 22 мамырда Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында (11-павильон, Almaty Hall, конференц-зал)
«Қарқынды терапия және анестезиология: өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар» атты халықаралық конференция өтеді.
Іс-шараны «Қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар қоғамы» ҚБ және Iteca компаниясы ұйымдастырады.
Конференция тәжірибелі дәрігерлерді, ғалымдарды және халықаралық сарапшыларды біріктіріп, критикалық жағдайларды емдеудегі заманауи тәсілдер мен технологияларды талқылауға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама қарқынды терапиядағы негізгі өзекті бағыттарды қамтиды:
🔹 Сепсис және септикалық шок
Конференция Қытайдан келген халықаралық сарапшы Zhang Daquan баяндамасымен ашылады. Ол септикалық шок кезіндегі эндотелийдің зақымдануы мен қабыну процестерін талдайды. Сонымен қатар қазақстандық мамандар сепсис кезінде экстракорпоральды детоксикация әдістерін кешенді қолдану тәжірибесімен бөліседі.
🔹 Тыныс алу жолдарын басқарудағы заманауи шешімдер
Қатысушылар тыныс алу қиындаған жағдайларда визуалды ларингеальды масканы қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ жоғары ағынды мұрын оксигенациясының жаңа трендтерін талқылайды.
🔹 ОРИТ-тегі цифрлық және диагностикалық технологиялар
Электрлік импеданстық томография, мультимодальды мониторинг және медициналық деректерді тиімді пайдалану арқылы емдеу сапасын арттыру мәселелері қарастырылады.
🔹 Анестезиологиядағы қауіпсіздік және практика
Анестезияны бақылау технологиялары, жедел цереброваскулярлық бұзылыстар кезіндегі науқастарды жүргізу, сондай-ақ сирек кездесетін, бірақ аса қауіпті жағдай — қатерлі гипертермия мәселелері қозғалады.
Конференция модераторлары — Жұмаділов А.Ш. және Исмаилов Е.Л.
Бағдарлама аясында қатысушылар отандық және шетелдік жетекші мамандардың баяндамаларын тыңдап, тәжірибелік кейстерді талқылап, кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік алады.
Бұл конференция анестезиологтар, реаниматологтар және қарқынды терапия мамандары үшін заманауи білім мен технологияларды меңгеруге арналған маңызды кәсіби алаңға айналады.
📅 22 мамыр, жұма, Атакент, 11-павильон, конференц-зал
⏰ Басталуы: 11:00–14:00. Сіздерді және әріптестеріңізді осы маңызды оқиғада күтеміз!
🎫 Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет: https://kihe.kz/ru/posetitelyam/poluchite-bilet-na-vystavku?promo=KIHE26KOAR

