31-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өтетін «Rehab Kazakhstan» форумы KIHE-2026 бағдарламасын ашады

Қазақстандағы оңалту жүйесі өзгеріп жатыр. Сұрақ – сіз осы үдерістің ішінде жүрсіз бе, әлде сырттан бақылап отырсыз ба?

20 мамыр күні KIHE 2026 аясында REHAB KAZAKHSTAN 2026 форумы өтеді – елімізде пациенттерді оңалту жүйесін қалыптастырып жатқан дәрігерлер, реабилитологтар, басқарушылар мен сала мамандары үшін маңызды кәсіби алаң.

Rehab Kazakhstan 2026 денсаулықты қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін талқылау үшін мамандарды біріктіреді — халықаралық стандарттарды енгізуден және мультидисциплинарлық модельдерден бастап роботтандырылған технологиялар мен телереабилитацияны қолдануға дейін.

Бағдарламада оңалтудың толық циклін қамтитын 3 сессия бар: стратегиядан және халықаралық функциялау, мүгедектік және денсаулық жіктемесін енгізуден бастап, практикалық кейстер мен заманауи технологияларға дейін.

Rehab Sholpan B 2slider kaz

👩‍💼 Модератор және спикер:
▪️ Шолпан Бөлекбаева – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Реабилитологтар және курортологтар қауымдастығының басқарма төрайымы

❓ Нені талқылаймыз:

  • Қазақстанда оңалту моделінің қалай өзгеріп жатқаны;
  • мультидисциплинарлық тәсіл және командалық жұмыс;
  • механотерапиядан бастап протездеуге дейінгі заманауи әдістер;
  • клиникалар мен мамандардың нақты тәжірибелік кейстері;
  • пациенттердің қалпына келу жылдамдығына қазірдің өзінде әсер етіп жатқан технологиялар.

👥Спикерлер қатарында: «АМУ» КеАҚ, Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы, Ottobock, Medical Park, Shashkin Clinic, Kinesio Doctor, Neurolab Qaz.AI және басқа да ұйымдардың өкілдері.

🗓 20 мамыр 2026 жыл
📍 Атакент, 11‑павильон, Conference Hall
🕚 11:00 – 17:30

🎫 Конференцияға қатысу – тегін 👉 тіркелу: kihe.kz → Билет алу → ПРОМОКОД: KIHE26RHAB

Егер сіз оңалту немесе денсаулық сақтау саласында жұмыс істесеңіз – алдағы бірнеше жылға арналған практиканың дәл осы жерде қалыптасып жатқанын жіберіп алмаңыз.