KAWE БЕСТСЕЛЛЕРЛЕРІ: «МЕДТРАНС» КОМПАНИЯСЫНАН НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ БАЛҒАШЫҚТАР, СТЕТОСКОПТАР, ДЕРМАТОСКОПТАР, ЛАРИНГОСКОПТАР, ОТОСКОПТАР, ОФТАЛЬМОСКОПТАР ЖӘНЕ ТОРЛЫ ИМПЛАНТАТТАР
«Медтранс» ЖШС – KIHE-2026 көрмесінің қатысушысы – Қазақстан Республикасы аумағында Германияның KIRCHNER & WILHELM (KaWe) компаниясының эксклюзивті өкілі болып табылады. Көрмеде компания өндірушінің жаңа өнімдерін ұсынады:
- неврологиялық балғашықтар. Сенімді материалдар, эргономикалық пішін және жоғары сезімталдық әрбір тексеру кезінде дәл диагностиканы және дәрігер үшін жайлылықты қамтамасыз етеді;
- жүрек пен өкпені дәл аускультациялауға арналған жоғары акустикалық сезімталдықтағы стетоскоптар;
- жарық шамдарының жаңартылған үлгілері. Түс берілісі оңтайлы және жарықтығы реттелетін мобильді диагностикалық шамдар. Кабинеттер, емшара бөлмелері мен қарау кабинеттері үшін сенімді шешім;
- жоғары айқындықтағы визуализациясы және біркелкі жарықтандыруы бар дерматоскоптар — дәл диагностикаға арналған.

Сонымен қатар, «Медтранс» стендінде KaWe компаниясының бұрыннан өзін дәлелдеген бестселлерлерін де көруге және сынап көруге болады: ларингоскоптар, отоскоптар және офтальмоскоптар. Кәсіби құралдар тексеруді жылдам, дәл және жайлы жүргізуге мүмкіндік береді. Ойластырылған эргономика, сапалы оптика және тұрақты жарықтандыру оларды күнделікті клиникалық тәжірибеде таптырмас етеді.

Бұдан бөлек, компания экспозицияда Қазақстан нарығындағы ең жаңа материалдың үлгілерін де ұсынады — жұмсақ тіндерге арматуралық хирургиялық пластика жасауға арналған торлы имплантаттар. Имплантаттар әлемде баламасы жоқ бірегей технология бойынша — ең жіңішке титан жібінен (40–60 мкм, бұл адам шашынан бес есе жіңішке) жасалған. Өнім дайындалған материал оны пациенттер үшін қауіпсіз етеді және жоғары биоинерттілікке ие.
«Біз денсаулық сақтау саласының қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру үшін ассортиментті кеңейту бағытында тұрақты жұмыс істейміз», – дейді «Медтранс» компаниясында.
Компания командасы барлық ниет білдірушілерді көрме өтетін күндері стендке келіп, жабдықтар бойынша кеңес алуға шақырады: 20–22 мамыр, Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫО, 11-павильон, 11-C1 стенді!

