DELTALAB – SANSURE BIOTECH ҰСЫНАТЫН ЕҢ ЖАҢА ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР
KIHE 2026 көрмесінің қатысушысы DeltaLab компаниясы Sansure Biotech ұсынатын ең жаңа зертханалық жабдықтарды таныстырады.
DeltaLab — Қазақстан нарығындағы диагностикалық шешімдер, зертханалық жабдықтар мен реагенттер саласындағы жетекші дистрибьютор әрі сарапшы компания.
Компания зертханаларды диагностикаға, ғылыми зерттеулерге және медициналық-биологиялық міндеттерді шешуге арналған заманауи өнімдермен кешенді жабдықтауға маманданған.
Бүгінде компания зертханалық диагностика сегментінде берік ұстанымға ие және келесі бағыттар бойынша кешенді шешімдер ұсынады:
- ПТР және ИФТ диагностикасы;
- зертханалық реагенттер мен шығыс материалдары;
- зертханалық жабдықтар мен аксессуарлар (ПТР-жабдықтар және т.б.).
DeltaLab Sansure Biotech Inc., Gordiz, Диамед Азия Тест, Биолабмикс, BioinnLabs, Vitrotest секілді жетекші компаниялардың ресми дистрибьюторы әрі сенімді серіктесі болып табылады. Алдыңғы қатарлы өндірушілермен ынтымақтастық компанияға зертханалық диагностика саласындағы сертификатталған, технологиялық тұрғыдан озық шешімдерді нарыққа ұсынуға мүмкіндік береді.
DeltaLab заманауи жабдықтарды жеткізіп қана қоймай, оларға кәсіби сервистік қолдау көрсетеді.
Компания құрамында арнайы дайындықтан өткен білікті сервистік инженерлер жұмыс істейді. Команда келесі қызметтерді ұсынады:
- іске қосу және баптау жұмыстары;
• кепілді және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету;
• жабдықтарды жөндеу және техникалық қолдау.
Компанияның сервистік сараптамасы Bio-Rad, QIAGEN, Illumina секілді әлемдік өндірушілердің жабдықтарына да қатысты.
Қызмет көрсетудегі кәсіби тәсіл зертханалардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, жабдықтардың тоқтап қалу уақытын барынша азайтады.
KIHE-2026 көрмесіндегі компания стендінде Sansure Biotech ұсынатын ең жаңа зертханалық жабдықтар таныстырылады:

Natch CS2 ДНҚ/РНҚ экстракторы

— қан, жағынды, тін, зәр секілді кез келген биологиялық үлгіден ДНҚ мен РНҚ бөліп алуға арналған толық автоматтандырылған жүйе. Қолданылатын әдіске байланысты бір цикл ішінде 30–90 минутта 96 сынамаға дейін өңдей алады. 10,4 дюймдік сенсорлық экран арқылы басқарылады. Сұйықтық деңгейін, ұйындыларды, штрих-кодтарды және реагенттердің күйін интеллектуалды бақылау, сондай-ақ UV-дезинфекция қателіктер мен айқаспалы контаминация қаупін барынша азайтады. Бұл құрылғы жоғары өнімді зертханалар мен молекулалық диагностика үшін тиімді шешім болып табылады.
iPonatic III — «үлгі → нәтиже» қағидаты бойынша автоматтандырылған диагностикаға арналған жүйе. Ол ДНҚ/РНҚ бөліп алуды, амплификацияны және нәтижелерді интерпретациялауды қамтып, 15–45 минут ішінде нәтиже береді. Құрылғының салмағы жеңіл (шамамен 7,2 кг), HD сенсорлық экраны және сымсыз интерфейстерді қолдау мүмкіндігі бар. LIS-пен үйлесімді және SARS-CoV-2, тұмау, ЖЖБИ секілді патогендердің кең ауқымымен жұмыс істейді. Зертханаларда, клиникаларда және көшпелі тестілеу жағдайында оператордың ең аз қатысуымен нақты нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
Thermal Cycler

— нақты уақыт режимінде сандық ПТР жүргізуге арналған жүйе, бір уақытта 96 үлгіге дейін өңдей алады. Көпарналы флуоресценцияны, температуралық градиентті және аймақтарды тәуелсіз бақылауды қолдайды. SARS-CoV-2, тұмау, АИТВ, гепатиттер, бактериялық патогендер, генетикалық маркерлер скринингі және ғылыми зерттеулер үшін өте қолайлы. Үлгілер ағыны жоғары болған жағдайда да талдаудың дәлдігін, қайталанымдылығын және жоғары жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Стендке келушілер заманауи ПТР-жабдықтармен, диагностикалық жиынтықтармен, реагенттермен және әртүрлі бейіндегі зертханаларды жабдықтауға арналған кешенді шешімдермен таныса алады.

Біз ашық кәсіби диалогқа дайынбыз және медициналық мекемелермен, жеке зертханалармен, ғылыми орталықтармен және мемлекеттік ұйымдармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүдделіміз.
Біз үшін KIHE-2026 көрмесіне қатысу — жаңа технологияларды таныстыруға арналған стратегиялық алаң, ынтымақтастық перспективаларын тікелей талқылауға, жаңа шешімдермен танысуға және кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік.
Сіздерді KIHE-2026 көрмесіндегі DeltaLab компаниясының стендінде қарсы алуға қуанышты боламыз!

