ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ, МЕДИЦИНА МЕН ФАРМАЦЕВТИКАНЫҢ СОҢҒЫ ЖЕТІСТІКТЕРІ KIHE 2022 КӨРМЕСІНДЕ
18-20 мамыр аралығында Алматыдағы «Атакент» көрме орталығында 27-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» – KIHE 2022 көрмесі өтеді. Экспоненттердің құрамында Беларусь, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Өзбекстан және Чехиядан 170-тен астам компания болады.
27 жыл өткізу ішінде KIHE көрмесі жыл сайын ағымдағы үрдістерді, саланың өзекті проблемаларын және оларды одан әрі шешу векторын айқындай отырып, отандық медицинаның дамуына қомақты үлес қосты. Көрменің елдің денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі және заманауи жабдықтарды көрсету және бейінді семинарлар өткізу арқылы медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырғаны үшін сала мамандары KIHE-ді елдің негізгі медициналық көрмесі деп таниды. Мұны экспоненттердің үнемі кеңейіп келе жатқан географиясы дәлелдейді. 2022 жылы отандық өндірушілер мен жеткізушілер қатысушылардың 40% құрайды, Ordamed, BTL Kazakhstan, Dolce-Pharm, Биолайн-Казахстан, ОСТ-ФАРМ, Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы, Медилюкс, Амир и Д және басқа компаниялар стендтерін ұсынады. Ресейлік компаниялар 35% құрайды және жеке экспозициялармен де, Мәскеу экспорттық орталығының, Татарстан Республикасының, Самара, Новосибирск және Свердлов облыстарының ұжымдық стендтерімен де қатысады. Беларусь кәсіпорындары дәстүрлі түрде жеке және «Белфармпром» холдингінің құрамына қатысады. Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанындағы экспортты жылжыту агенттігінің стенді KIHE 2022 көрмесінде Медициналық және фармацевтикалық салаларда жұмыс істейтін 10-нан астам отандық кәсіпорынды ұсынады. Чехияның өнеркәсіп және сауда министрлігі мамандарды чех өндірушілерінің өнімдері мен қызметтерімен таныстырады. Польшаның IMD GROUP және EUROFORMA/TITANIC LTD компаниялары отандық соңғы әзірлемелерді ұсынады, ал Польшаның туристік ұйымы келушілерді медициналық туризмдегі мүмкіндіктермен таныстыратын болады.
Дәстүрлі түрде қатысушылар медициналық, зертханалық, диагностикалық, оңалту жабдықтарының жаңалықтарын, дәрілік препараттардың, шығыс материалдарының, медициналық мақсаттағы бұйымдардың кең ассортиментін, хирургиялық құралдарды, оптика мен офтальмологияны ұсынатын болады.
Коронавирустық пандемиядан кейін Қазақстан үшін, сондай-ақ бүкіл әлемдік қоғамдастық үшін денсаулық сақтаудың болашағы және елдің биоқауіпсіздігі маңызды болып табылады. Біздің мемлекетіміз қабылдаған ҚР-ны тұрақты дамыту мақсатындағы №3 тармақ салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жастағы ұлттың игілігі мен денсаулығына жәрдемдесу болып табылады. Бұл туралы Президент Қ-Ж. Тоқаев халыққа Жолдауында бірнеше рет айтқан болатын. «Елдің биоқауіпсіздігін болжаудың ұлттық жүйесі құрылуы тиіс. «Дені сау ұлт» жобасы шеңберінде кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық жабдықпен жарақтандыруды көздеу керек, бұл біздің зертханаларымыздың деңгейін халықаралық стандарттарға 90%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Медицина саласы көлемді қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жерде инфрақұрылым, кадрлар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы сөз қозғалып отыр», - деп атап өтті Президент.
Барлық медициналық кәсіби қоғамдастыққа мемлекеттік аппарат өкілдері, Медициналық және фармацевтикалық секторларды өндірушілер мен жеткізушілер, ғалымдар мен сарапшылар істің ағымдағы жағдайын тиімді талқылай алатын, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту жолын айқындайтын, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасатын, сондай-ақ өзінің кәсіби деңгейін арттыратын бірыңғай алаң қажет. Мұндай алаң жыл сайын KIHE көрмесі болып табылады, бұл біздің елімізде денсаулық сақтауды дамыту үшін өзінің қызметінің маңыздылығын арттырады.
Көрмеден басқа қатысушыларды мазмұнды іскерлік бағдарлама күтеді. Үш күн бойы екі залда оқыту семинарлары, шеберлік сыныптары мен презентациялар үздіксіз ұйымдастырылады.
Сонымен, 18 мамырда Конференция залында «Turar Healthcare» КЕАҚ ұйымдастырылған «Медициналық ұйымды жоспарлау мен жобалаудың өзекті мәселелері» атты семинар-кеңес өтетін болады. Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) мемлекеттік және жеке меншік медициналық мекемелердің басшылары мен маркетологтары үшін біліктілікті арттыру мақсатында 18 және 19 мамырда «Ақылы медициналық қызметтерді жылжыту және сату» және «Клиенттерді тарту құралы ретінде пациентке бағытталған сервис» атты оқыту семинарлары өткізілетін болады. KIHE-2022 іс-шарасының бірінші күні 103.kz компаниясының «Медициналық маркетинг және медициналық мекеменің беделімен жұмыс істеу» тақырыбындағы практикалық семинары аяқталады. Медициналық маркетинг және медициналық қызметтерді ілгерілету бойынша білім беру семинарлары, әрине, медициналық мекемелердің өкілдеріне клиенттерді тарту тәсілдеріне жаңаша көзқараспен қарауға және шын мәнінде клиентке бағдарланған сервисті жолға қоюға көмектеседі.
18 мамырда семинарлар бөлмелерінде УДЗ және ЭЭГ мүмкіндіктеріне арналған Ordamed компаниясының бейінді мастер-кластары өтеді, ал функционалдық нейрохирург Чингиз Шашкин нейрохирургиядағы инновациялар бойынша семинар өткізеді
19 мамырда Конференция залында Орталық Азиядағы герман экономикасы өкілдігі, Қазақстан Республикасындағы Герман экономикасы одағы (ГЭО) және «БеНиЛюкс сауда палатасы» қауымдастығы ұйымдастырған «Денсаулық сақтаудың табысты жұмысының негізі ретінде иедицина қызметкерлерін оқыту» тақырыбында баяндамамен және талқылаумен жұмыс басталады, ал түстен кейін «Health & Safety» бірлескен конференциясы өтеді.
Семинардың бөлмелерінде Ordamed, Агрос-Интернейшнл, Диара Плюс компанияларының мамандары тар бейінді оқыту мастер-кластарын өткізетін болады.
20 мамырда көрсенің қорытынды күні, «Зертханалық медицина федерациясы» АҚ әр түрлі мамандықтағы дәрігерлердің, зерттеушілердің және ғылыми қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Антиобиотикорезистенттілік-денсаулық сақтаудағы жаңа сын-қатерлер» тақырыбында конференция өткізеді.
ПЕРВАЯПОМОЩЬ.KZ-тен анафилаксия кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету сессиясы келушілер үшін пайдалы болады. Сонымен қатар семинарлық аймақта FORTIS PAI компаниясымен «Неонатологиядағы тыныс алуды қолдаудың заманауи мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өткізілетін болады, ал MEDSTANDARD ұлттық рәсім шеңберінде тіркеу және инспекция рәсіміндегі өзгерістер туралы айтып береді.
Екі залдағы іс-шаралардан басқа, мамандарға арналған көрме стендтерінде ұйымдастырылған презентациялар мен мастер-кластар болады.
Көрменің ұйымдастырушысы Iteca қазақстандық көрме компаниясы болып табылады.
KIHE 2022 көрмесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, ҚР халықаралық фармацевтика өндірушілері қауымдастығының, Еуразиялық медицина қауымдастығының, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының қолдауымен өткізілетін болады.
Іс - шара туралы толық ақпаратпен-қатысушылар тізімімен және іскерлік бағдарлама кестесімен ресми www.kihe.kz сайтынан танысуға болады.