31-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

KIHE 2026: ОТАНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ БОЛАШАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМА

БАРЛЫҚ КӘСІБИ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚОҒАМДАСЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫНА ДАЙЫНДАЛУДА - KIHE 2026.

2026 жылғы 20–22 мамыр аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО алаңында (9, 10 және 11 павильондарда) Қазақстан мен Орталық Азиядағы денсаулық сақтау және медициналық технологиялар саласындағы ең ірі оқиға өтеді. Бұл шара саланың дамуын айқындайтын шешімдерді талқылауға арналған маңызды кәсіби платформаға айналады.


Денсаулық сақтау жүйесінің жаңғыртылуы мен өзгеруі жағдайында KIHE көрмесінің іскерлік бағдарламасы тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерге жауап іздеу және жаңа тәсілдерді қалыптастыру алаңы болып отыр — практикалық кейстерді талдаудан бастап басқару мен цифрландыруға дейін.
2026 жылы іскерлік бағдарлама 20 дан астам іс шараны қамтиды. Олардың қатарында форумдар, пленарлық және панельдік сессиялар, кейс талқылаулар мен сараптамалық баяндамалар бар. Бағдарлама саланың өзекті сын қатерлерін көрсететін төрт негізгі бағытқа шоғырланады.


20 мамыр: Rehab Kazakhstan – 11 павильон
Бүгінде оңалту медицинадағы ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың біріне айналды. Қазақстандық оңалтушылар және курортологтар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған Rehab Kazakhstan мамандандырылған кешенді іс шарасы денсаулықты қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін талқылау үшін сала мамандарын біріктіреді. Бағдарлама халықаралық стандарттарды енгізу, мультидисциплинарлық модельдерді дамыту, роботтандырылған технологиялар мен телереабилитацияны қолдану мәселелерін қамтиды.

Қатысушылар пациенттердің өмір сапасын жақсартуға ықпал етіп отырған нақты практикалық кейстермен, жабдықтармен және жаңа әдістемелермен танысады. KIHE көрмесінде оңалту бағыты жыл сайын тұрақты өсімді көрсетіп келеді: экспоненттер инновациялық шешімдер, технологиялар мен жабдықтардың кең ауқымын ұсынуда, бұл заманауи өмір салты жағдайында денсаулық пен ұзақ өмір сүруге деген сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
Іскерлік бағдарлама «Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы оңалтудың жаңа векторы» атты пленарлық сессиямен ашылады. Сессия оңалту көмегіндегі негізгі өзгерістерге арналып, Халықаралық қызмет ету, өмірлік мүмкіндіктер мен денсаулық классификациясын (ICF) енгізу, оңалтуды емдеудің барлық кезеңдеріне біріктіру, мультидисциплинарлық командаларды дамыту, роботтандырылған және цифрлық технологияларды қолдану, сондай ақ сала үшін жаңа мамандарды даярлау мәселелерін қамтиды.
Спикерлер қатарында Қазақстандық оңалтушылар және курортологтар қауымдастығының, «Астана медицина университеті» КЕАҚ, Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының, Medical Park Kazakhstan қоса алғанда бірқатар оңалту орталықтарының өкілдері, сондай ақ халықаралық сарапшылар мен инновациялық жабдық өндіруші компаниялар, соның ішінде Ottobock бар.
Бағдарлама аясында кешенді оңалтудың заманауи әдістеріне арналған панельдік пікірталас өтеді. Онда қозғалыс биомеханикасы мен жаттығулардан бастап протездеу мен спорттық медицинаға дейінгі бағыттар қарастырылады. Пікірталасқа «Астана медицина университеті» КЕАҚ, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығы және практик мамандар қатысады.
Күн соңында «Оңалтудағы жабдықтар мен технологиялар» атты кейс сессия өтеді. Сессияда роботтандырылған тренажёрлардан бастап нейростимуляция, жасанды интеллект және цифрлық шешімдерге дейінгі технологиялардың нақты қолдану мысалдары ұсынылады. Талқылауға клиникалар, қорлар, медициналық орталықтар, технологиялық компаниялар мен жабдық әзірлеушілер, соның ішінде Ottobock, Qaz.AI және басқалар қатысады.

21 мамыр: Қазақстанның денсаулық сақтау менеджерлерінің II форумы – 9 павильон
Маңызды оқиғалардың бірі — Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлерінің II форумы. Ол мемлекеттік органдарды, медициналық бизнес өкілдерін, басқарушылар мен сарапшыларды біріктіреді. Форум бағдарламасы мемлекеттік стратегиядан бастап МӘМС тің рөліне, басқарудың жаңа модельдері мен денсаулық сақтау экономикасына дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.
Стратегиялық пленарлық сессия барысында жүйені дамыту басымдықтары, мемлекеттік және жеке сектордың өзара іс қимылы, жүктемені қайта бөлу және тарифтік саясаттың болашағы талқыланады. Спикерлер қатарында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, салалық қауымдастықтар мен жетекші медициналық ұйымдардың өкілдері бар.
Women in Healthcare сессиясы денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы әйелдердің рөліне арналады. Талқылау барысында саладағы әйелдердің үлесі, мансаптық кедергілер, көшбасшылық, кәсіби күйзеліс, сондай ақ цифрландыру мен ЖИ дің жаңа кәсіби мүмкіндіктерге әсері сөз болады. Сессия Қазақстан Денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының қолдауымен өтеді, модераторы — қауымдастықтың CEO сы Асем Имандосова.
Форум аясындағы «Денсаулық сақтау басқаруындағы ЖИ мен деректер» кейс сессиясы медициналық деректерді басқару құралы ретінде қолдану, ЖИ дің процестерді қалай өзгертіп жатқаны және деректер қауіпсіздігіне қойылатын жаңа талаптарға арналмақ.
Екінші күн «Сақ болыңыз: медициналық маркетинг! Этика, шекаралар және пациент жолы» атты пікірталас сессиясымен аяқталады. Талқылау ақпараттандыру мен манипуляция арасындағы шекара, пациент мүддесін қорғау, дәрігердің жеке бренді және цифрлық орта ықпалы мәселелеріне бағытталады.

22 мамыр: салалық кәсіби сессиялар
Үшінші күн зертханалық диагностикаға арналған бағыттар мен Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамының сессиясын қамтиды.
Қазақстандық медико биологиялық форум (9 павильон) лабораториялық және аналитикалық медицинаның диагностиканың сапасын арттырудағы және дәлелді медицинаны дамытудағы рөлін көрсетеді.
11 павильонда өтетін «Қарқынды терапия және анестезиология: өзекті мәселелер мен инновациялық технологиялар» сессиясы сын қатерлер мен заманауи шешімдерге арналады. Сессия дәстүрлі түрде Қазақстан, Ресей және Қырғызстан мамандарын біріктіреді.

Қатысушы компаниялардың оқыту семинарлары
Барлық үш күн бойы медициналық ұйымдарға арналған заманауи шешімдер мен жабдықтар ұсынылатын оқыту семинарлары өтеді:
• 20 мамыр: Algimed, Мәскеу экспорт орталығы, НВ Лаб, ЭндоЭкоМед, Labtechnology, City Pharm
• 21 мамыр: Labtechnology, Wellgo Logistics Kazakhstan, Leora, Endo Star
• 22 мамыр: Электронтест

KIHE 2026 іскерлік бағдарламасы саланың басты трансформациясын көрсетеді: технологияларды талқылаудан — жүйелі шешімдерге көшу. Көрмеге 19 елден, соның ішінде Австралия, Германия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, БАӘ, Польша, Түркия, Швейцария және Оңтүстік Кореядан 400 ден астам компания қатысады.

Іс шараның Бас медиа серіктесі: Бірінші медициналық арна. Қазақстан — 1MEDTV.KZ
Ресми қолдау көрсететін ұйымдар: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі және басқа салалық ұйымдар.
Іскерлік бағдарламаның стратегиялық серіктестері: Қазақстандық оңалтушылар қауымдастығы, Qaz.AI, Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы және басқа серіктестер.
Көрме ұйымдастырушысы: ITECA Қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events Group.
Толық ақпарат: www.kihe.kz