31-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

31-ші Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

МЕДИЦИНА МЕН ФАРМАЦЕВТИКА САЛАЛАРЫНЫҢ СИНЕРГИЯСЫ: KIHE ЖӘНЕ PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕРІ АЛМАТЫДА ӨТТІ

2025 ЖЫЛҒЫ 21–23 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ САЛАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР — 30-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» — KIHE 2025 КӨРМЕСІ ЖӘНЕ 2-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР, ШИКІЗАТ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БОЙЫНША — PHARMATECH KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ ӨТТІ. 

2025 жылғы экспозиция үш павильонда және ашық алаңда орналасты. Медициналық және фармацевтикалық саладағы заманауи технологияларын 16 елден келген 400 компания ұсынды. KIHE көрмесіне Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Египет, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Польша, Ресей, Сингапур, Түркия, Украина және Өзбекстан елдерінің компаниялары қатысты. Германия, Қытай және Өзбекстан елдерінің компаниялары ұлттық стендтер аясында өз шешімдерін ұсынды. Беларусь, Польша және Ресей экспорттық орталықтары да ұжымдық стендтерін таныстырды.

Көрме экспозицияларында заманауи медициналық, зертханалық, диагностикалық және оңалту жабдықтарынан бастап, дәрілік заттар, медициналық шығын материалдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар, хирургиялық аспаптар және медициналық қызметтерге дейінгі кең ауқымды жаңалықтар көрсетілді.

Көрмеде алғаш рет жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған заманауи диагностикалық құрылғылар ұсынылып, мамандар тарапынан сынақтан өткізілді. Бұл болашақ медицинасының жаңа мүмкіндіктерін паш етті. Ерекше мәдени акцент ретінде суретші Досбол Қасымовтың дәрігерлердің күнделікті өмірін көркемдік көзқараспен жеткізетін туындылары ұсынылған көрме экспозициясының ашылуы болды.

Халықаралық қатысудың жоғары деңгейі — экспоненттердің 63%-ы шетелдік компаниялар — көрменің маңызды халықаралық іскерлік платформа ретіндегі рөлін дәлелдеді. Шетелдік қатысушылар көрменің өте тиімді өткенін атап өтті:

– Біз бірнеше келісімдерге қол қойдық, оның ішінде интраокулярлық линзалар, офтальмологиялық ерітінділер, хирургиялық тігіс материалдары және офтальмологиялық пышақтар бойынша. Біздің көрмеден алған әсеріміз оң, келесі жылы міндетті түрде қатысамыз. Тіпті, стенд аумағымызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз, себебі көрменің берері керемет болды, — деп өз әсерімен SRB Medzone компаниясының атқарушы директоры Keshri Harsh бөлісті.

Іскерлік бағдарлама жұмысы «Қазақстанның денсаулық капиталы: инвестициялар, әріптестік, инновациялар» тақырыбындағы Пленарлық сессиямен басталды. Сессияға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Ержан Нұрлыбаев, «Ұлттық денсаулық сақтау палатасы» ЗТБ Басқарма төрағасы – Нұржан Отарбаев, IQVIA компаниясының Қазақстан және ТМД бойынша өңірлік директоры – Жібек Керімбаева, «Medtronic Kazakhstan» ЖШС Бас директоры – Гүлжан Рүстемова, Baiterek Venture Fund Басқарма төрағасының орынбасары – Азамат Ералин, Activat VC венчурлік компаниясының атқарушы директоры – Мейіржан Есімханов қатысты. Сессия модераторы – ҚР ҰҒА академигі, профессор, Қазақстанның репродуктивтік медицина қауымдастығының президенті, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин болды. Дәстүр бойынша пленарлық сессия лентаны қию рәсімімен аяқталды. Кейін сессия спикерлері, салалық қауымдастықтардың өкілдері, қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының мүшелері және көрме ұйымдастырушылары экспозициямен танысу турына қатысты.

Үш күн ішінде көрмелерге 50 елден 4 970 маман келді! Қатысушылар кәсіби келушілердің көптігін және олардың ұсынылған өнімдерге қызығушылығын атап өтті, бұл қазіргі нарықтық жағдайда экспозициялардың сұранысқа ие екенін және бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді.

– Біздің компания бұл көрмеге бірінші рет қатысып отыр, дегенмен өте қуаныштымыз. Көрме ауқымды деңгейде өтті, бізде ең жақсы әсер қалды. Біздің өнімдерге үлкен қызығушылық болды, бұл біз үшін өте маңызды, – деді UMC Kazakhstan компаниясының сату менеджері Жансая Қамашева.

Көрмелер қатысушылар мен келушілер тарапынан жоғары бағаланып, ұйымдастыру сапасы, экспоненттердің алуан түрлілігі және өзара әрекеттесу ыңғайлылығы ерекше аталды. «Сұнқар» компаниясынан Асқар Боранбаев өз әсерімен бөлісті:

– Бұл көрмеге үшінші жыл қатарынан келіп отырмын. Әр жолы өзім үшін пайдалы әрі жаңа нәрселер табамын. Биыл түрік өндірушілеріне ерекше қызығушылық таныттым – жақсы ұсыныстар болды. Betamix компаниясымен, олар тігіс материалдары мен торлар шығарады, ынтымақтастық жөнінде келістім. Келесі жылы да қатысамын деп жоспарлап отырмын.

Үш түрлі алаңда қатысушылар мен келушілер үшін мазмұнды іскерлік бағдарлама өтті. 21 мамырда көрменің алғашқы күні Kazakhstan MedInvest Forum өз жұмысын бастады. Форум аясында «Денсаулық инфрақұрылымы: әріптестік және шешімдер» және «Медициналық туризмді дамыту: Орталық Азия  мүмкіндіктері» атты панельдік сессиялары өтті. Сонымен қатар, Medstandard компаниясы ұйымдастырған «Тіркеудегі заманауи үрдістер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан сарапшыларының пікірі және бизнестің рөлі» атты панельдік пікірталас, ЛАБОФАРМА компаниясының сессиясы, Қазақстан анестезиологтар және реаниматологтар қоғамының конференциясы өтті. DNK-Технология, Vista Med, Grand Lens Nova, АЛЬФАЛАБ ҒЗЖ, KAZANADA және 103.kz компаниялары салалық семинарлар өткізді.

22 мамырда PharmaTECH Kazakhstan 2025 көрмесі аясында «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласы: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты конференция өтті. Конференция аясында «Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласы: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбындағы пленарлық сессия өтті. Пленарлық отырыстан кейін конференция жұмысы үш тақырыптық сессия форматында жалғасты: «Дәрілік қамтамасыз ету», «Қазіргі жағдайдағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды реттеу» және «Дәрілік заттарды таңбалау». ITCO MED, STERIMED, 4clinic, ASIA MEDICAL PARTNERS, ZYBIO Inc., WELLGO компаниялары оқу семинарларын өткізді. Сонымен қатар, медицина саласындағы отандық стартап жобалардың таныстырылымдары және денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларына арналған конференция өтті.

23 мамырда «1MEDTV.Қазақстан: алғашқы нәтижелер мен даму перспективалары» атты Ашық форсайт-сессия және NASCO HEALTHCARE Inc., МедРокет, Agency for accreditation of medical organizations» (ААМО) компанияларының семинарлары өтті.

KIHE және PharmaTECH Kazakhstan көрмелері денсаулық сақтау саласындағы жергілікті және шетелдік мамандар үшін нетворкингтің орталығына айналып, қатысушылар мен келушілерге бір алаңда тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестер табуға, соңғы трендтермен танысуға және инновацияларды тәжірибеге енгізуге бірегей мүмкіндік ұсынды.

Тіркеу серіктесі – «MEDIKER» компаниясы

Іскерлік бағдарламаның стратегиялық серіктесі – «Денсаулық сақтау аналитиктері қауымдастығы» ЗТБ

Бас теле-медиа серіктесі – 1MEDTV Қазақстан телеарнасы

Көрмелер дәстүрлі түрде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы, «СК-Фармация» ЖШС, Қазақстандағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, «Алматы қаласының медициналық туризм қауымдастығы» ЗТБ, Еуразиялық медициналық қауымдастық, ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ, Қазақ нейромодуляция қоғамы, Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының қолдауымен өткізілді.

Іс-шаралардың ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

www.kihe.kz

www.pharmatechexpo.kz