KIHE 2025: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ИННОВАЦИЯЛАРЫНЫҢ БАСТЫ АЛАҢЫ 30 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТЕДІ, МЕДИЦИНА МЕН ФАРМАЦЕВТИКАНЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН АШАДЫ
МЕДИЦИНА ҚАУЫМДАСТЫҒЫН 2025 ЖЫЛДЫҢ 21-23 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА ӨТЕТІН 30-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ – KIHE 2025 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.
Үш онжылдық бойы KIHE – медицина және фармацевтика саласындағы жетістіктерді көрсететін Орталық Азия мен Қазақстандағы ең ірі салалық іс-шара болып келеді. Жыл сайын ол әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерді, фармацевтерді, билік пен бизнес өкілдерін біріктіреді. Көрменің жыл сайынғы табысты өткізілуі Қазақстанда денсаулық сақтау саласының қарқынды дамуымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылы денсаулық сақтау саласына 2,6 трлн теңге бөлінді. Бұл қаражаттың бөлінуі – үкіметтің денсаулық сақтауды басты басымдыққа айналдырғанын көрсетеді және сапалы медициналық қызметтер мен заманауи жабдықтардың қолжетімділігін арттыруға деген ұмтылысты дәлелдейді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2024–2030 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасын бекітті. Бұл құжат медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесіне инвестициялар тартуға оң әсер етеді.
Мерейтойлық KIHE 2025 көрмесі ауқымымен таң қалдырады – экспоненттер саны, елдердің өкілдігі және іскерлік бағдарлама мазмұны жағынан ерекше іс-шара болмақ. KIHE 2025 көрмесінде медициналық саланың кең спектрі ұсынылады: ең жаңа медициналық, зертханалық, диагностикалық және оңалту жабдықтарынан бастап заманауи дәрілік заттар, шығын материалдары, медициналық мақсаттағы бұйымдар, хирургиялық құралдар мен медициналық қызметтерге дейін. Экспозиция бірден үш павильонда – 9, 10 және 11 залдарында орналастырылады. Бұл мамандарға әлемдік инновациялық технологиялар мен шешімдерді Қазақстандағы бірыңғай алаңда зерттеуге бірегей мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта көрменің қатысушылары қатарында 350-ден астам компания бар. Олар Беларусь, Ұлыбритания, Қазақстан, Қытай, Пәкістан, Германия, Италия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Украина сияқты елдерден келеді. Қатысушылар тізімі күн сайын кеңейіп, тұрақты қатысушылармен қатар көрмеде алғаш рет өз өнімдерін таныстыратын жаңа компаниялармен толықтырылуда. Биылғы жылы бізге Германиядан Anturics, Bm Bomaq Pharmatechnik, Diers International, Италиядан Lm Medical Division Cis, Oscar Boscarol Srl, Padana Cleanroom, Ресейден Основание КБ, Системы Поддержания Стерильности, Фармстандарт-Медтехника, Сингапурдан Kleen-Pak Products Pte, Түркиядан Betatech Medikal, Kalkan Med Medikal Tibbi Cihazlar Pazarlama Sanayi Ve Ticaret, Variteks Ortopedi Sanayi, Өзбекстаннан Globalmed, Қытайдан Anhui Sunshore Medical, Bio-Mapper, Chenye Medical, сондай-ақ қазақстандық Asfarma-Kaz, Deltalab, Inbody компаниялары қосылды.
Германия, Қытай және Өзбекстанның өндірушілері мен дистрибьюторлары өз елдерінің Ұлттық стендтері аясында көрмеге қатысады. Сонымен қатар, Ресей мен Беларусь Республикасының бірқатар өңірлері ұжымдық стендтерін ұсынады. Олардың ішінде: «Ресейлік экспорттық орталығы», «Мәскеу экспорттық орталығы», Рязань облысы, сондай-ақ «Белфармпром» белорус компанияларының ұжымдық стенді бар.
Үш күн бойы тәжірибе алмасу және саланың өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ауқымды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылады. Бірегей мазмұнды шаралар – форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және оқыту семинарларын қамтиды. Көрменің алғашқы күні, 21 мамырда, халықаралық Kazakhstan MedInvest Forum форумы, «Қазақстанның денсаулық капиталы: инвестициялар, серіктестік, инновациялар» Пленарлық сессиясы, «Денсаулық инфрақұрылымы: серіктестік және шешімдер», «Медициналық туризмді дамыту: Орталық Азиядағы мүмкіндіктер» Панельдік пікірталастары өтеді.
Екінші залда Қазақстан анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы ұйымдастыратын конференция, сондай-ақ Medstandard компаниясының панельдік пікірталасы өтеді.
22 мамырда, көрменің екінші күнінде, тыңдаушылардың назарын «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тарифтік саясаты» атты Стратегиялық сессия аударады. Онда сарапшылар медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ медициналық ұйымдарды қаржыландыру тетіктерін талқылайды. Сондай-ақ, екінші күннің бағдарламасына Денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының Конференциясы және «Сақтандыру: тәуекелдер және жүйелер синергиясы» атты Панельдік сессиясы енеді. Отандық фармацевтиканың болашағын талқылауға мүмкіндік беретін «Қазақстан фармацевтика саласының жағдайы және даму перспективалары» Конференциясы екінші семинар залында өтеді.
Сонымен қатар бағдарлама аясында іскерлік кездесулер, келіссөздер және меморандумдарға қол қою рәсімдері жоспарланған.
2025 жылғы байерлік бағдарламаға ерекше назар аударған жөн. Көрменің қонақтары арасында Қазақстан мен Қырғызстан өңірлерінен келген жүзден астам сала мамандарынан тұратын сатып алушылар мен медицина саласының мамандарының делегациялары, сондай-ақ Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларының бас дәрігерлерінің делегациясы күтілуде. Байерлік бағдарламаның қатысушылары медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды және инновациялық технологияларды өндірушілермен және жеткізушілермен мақсатты келіссөздер жүргізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл денсаулық сақтау нарығының негізгі ойыншылары арасында іскерлік байланыстарды нығайтуға, жаңа медициналық шешімдерді тәжірибеге енгізу перспективаларын талқылауға және ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Дәстүр бойынша, KIHE 2025 көрмесі кезінде 1MEDTV.KZ Бірінші медициналық арнасында Expert Talks тікелей эфирлері нақты уақыт режимінде өтеді. Сарапшылар ретінде Қазақстанның медицина саласының жетекші өкілдері, сондай-ақ билік пен бизнес өкілдері шақырылды.
KIHE 2025 көрмесімен қатар, Алматы қаласында алғаш рет 2-ші Қазақстандық халықаралық Фармацевтикалық өнеркәсіпке арналған жабдықтар, шикізат және технологиялар жөніндегі – PharmaTech Kazakhstan 2025 көрмесі өтеді. Бұл шара медициналық және фармацевтикалық салалар арасында бірегей синергия қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қатысушылар фармацевтикалық өндірістегі соңғы жетістіктермен танысып қана қоймай, әріптестік байланыстар орнатып, дәрілік заттар өндірісін жергіліктендіру мен жаңа технологияларды енгізу перспективаларын талқылай алады.
Ұйымдастырудың жоғары деңгейі және ерекше мазмұндық бағдарлама арқасында көрме отандық денсаулық сақтау саласының дамуына айтарлықтай үлес қосады. Ол жаңа технологияларды енгізуге, тәжірибе алмасуға және саланың кәсіби мамандары арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
KIHE – Қазақстанның медициналық саласындағы басты іс-шара болып саналады. Мұнда инновациялар үшін жаңа мүмкіндіктер жасалып, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен медициналық қызметтердің сапасын арттыруға жағдай жасалады.
Биылғы іскерлік бағдарламаның стратегиялық серіктесі – «Денсаулық сақтау аналитиктері қауымдастығы» ЗТБ. Бас медиа серіктесі – 1MEDTV телеарнасы.
Іс-шараға ресми қолдау көрсеткендер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы, «СК-Фармация», ҚР Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, Алматы қаласының медициналық туризм қауымдастығы, Еуразиялық медициналық қауымдастық, ҚР Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, ҚБ «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы», Қазақ нейромодуляция қоғамы.
Көрменің ұйымдастырушысы – Қазақстандық ITECA көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.
Толық ақпаратты www.kihe.kz сайтынан алуға болады.