30-шы Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

30-шы Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

МЕДИЦИНА ҒЫЛЫМЫ МЕН ПРАКТИКАСЫНЫҢ ЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕРІ KIHE 2024 БІРЕГЕЙ АЛАҢЫНДА КӨРСЕТІЛДІ

15-17 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» - KIHE 2024 КӨРМЕСІ ӨТТІ, ОЛ ОСЫ ЖҰМЫС ІСТЕП КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ІС-ШАРАҒА АЙНАЛДЫ. КӨРМЕ ОЗЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ШЕШІМДЕРДІ ТАНЫСТЫРУ МЕН ЕЛДЕ ЖӘНЕ ОДАН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ САЛАНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ УАҒДАЛАСТЫҚТАР ЖАСАУ ҮШІН БІРЕГЕЙ ОРЫН РЕТІНДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ. БИЫЛҒЫ ЖЫЛЫ ЭКСПОЗИЦИЯ ҮШ ПАВИЛЬОНДЫ ИЕЛЕНДІ, КӨРМЕНІҢ ҮШ КҮНІНДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ СТЕНДТЕРІМЕН 4 543 МАМАН ТАНЫСА АЛДЫ.

Келушілер іс-шараны желінің басты алаңы ретінде атап өтті, экспо-алаңның ауқымдылығын және ұсынылған инновациялық шешімдердің алуан түрлілігін бағалады. «Мен бесінші жылы бойы көрмеге келіп жүрмін. Алған әсерім өте жақсы. Көрме - ой-өрісті кеңейту үшін пайдалы алаң. KIHE ұсынылған қызметтер мен өнімдердің арқасында көптеген жаңа таныстықтарға қол жеткізіп, медицинаны дамытуға мүмкіндік береді. Көрмеге бізді қызықтыратын жаңа компаниялар мен жаңа серіктестер табуға келдік. Біз міндетті түрде ынтымақтастық туралы шартқа отырамыз деп ойлаймын», - деп көрме туралы «E.N.T. Company» компаниясының директоры Келлер Евгений өз әсерімен бөлісті.

KIHE24 06

Әлемдік жабдықтар мен дәрі-дәрмектер өндірушілерінің озық практикалық шешімдері мен инновацияларын Бангладеш, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Египет, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Литва, Польша, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Оңтүстік Корея сияқты 19 елден 327 компания таныстырды. 185-тен астам компания дебютант ретінде өздерін стенд арқылы таныстырды. Стендтердің    41%-ын қазақстандық компаниялар ұсынды, бұл Қазақстанның медициналық саласының дамуындағы елеулі және әсерлі прогресті көрсетті. Ал қалған стендтердің 59%-ын халықаралық компаниялар ұйымдастырды, бұл озық технологияларды енгізуге және тәжірибе алмасуға ықпал ететін Қазақстанның медицина саласындағы халықаралық қызығушылық пен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Экспо-шарада Беларусь, Германия, Қытай, Ресей және Чехия компаниялары ұжымдық стендтер мен ұлттық топтар арқылы өздерін таныстырды.

Көрмеге қатысушылар KIHE өнімді келісімдер жасау және бірлескен жобалар үшін мүмкіндіктерді кеңейту үшін диалог алаңы екенін атап өтті. «Мен көрмеден өте жақсы әсер алдым, бізге мұнда ұнады. Біз белгілі бір фирмалармен, серіктестерімізбен кездескіміз келді және біз мұны KIHE алаңында жасай алдық. Біздің өнімдерге қызығушылық көріп жатырмыз, өйткені біздің жабдықты іздейтін, біздің бағытты іздейтін мамандар бар. Көптеген келісімшарттар жасалды және серіктестік туралы белгілі бір келісімдер бар, біз ынтымақтасып, олармен байланыс орнатамыз. Келесі жылы көрмеге қатысып, үлкен стендті қарастыруды жоспарлап отырмыз», - деп Волкова Алена, «ФОТЕК» компаниясынан көрмеге қатысу туралы пікірін білдірді.

Су тасқынының қиын жағдайын ескере отырып, елмен ынтымақтастық белгісі ретінде ұйымдастырушылар салтанатты ашылудан бас тартты. Көрменің бірінші күні құрметті қонақтармен және салалық сарапшылармен таныстыру туры өтті, оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нүсіпова, ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының Басқарма Төрағасы Н. К. Отарбаев, «ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ президенті В. Н. Локшин, Iteca көрме компаниясының директоры Б. А. Даниленко, сондай-ақ республиканың медициналық мекемелерінің басшылары және саланың жетекші мамандары қатысты. Олар қатысушылардың стендтерімен және ұсынылған өнімдермен танысып, өздерінің жоғары қызығушылықтарын көрсетіп, көрмені Денсаулық сақтау саласы мамандарының өзара әрекеттесу үшін маңызды алаң ретінде атап өтті.

ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасының Басқарма Төрағасы Н.Қ. Отарбаев атап өткендей: «KIHE сияқты халықаралық көрмелер денсаулық сақтау жүйесінде өткізілетін жоғарғы ұйымдар мен іс-шаралардың қатарына кіреді. Бұл өте маңызды, өйткені дәл осы диалог алаңында әртүрлі бағыттардың күшті симбиозы орын алады. Бұл медициналық жабдықтарды өндірушілер, ақпараттық жүйелерді өндірушілер, провайдерлер, логистикалық жүйелер, ауруханалар мен клиникаларға арналған құрылыс шешімдері, денсаулық сақтау менеджері, пациенттермен тікелей жұмыс істейтін сала мамандары таныс болуы керек әртүрлі мамандықтарға арналған түрлі инновациялық жабдықтар.»

Биылғы жылы үш семинар аймағында ұйымдастырылған көрменің іскерлік іс-шараларының мазмұны бөлек орын алады. Бағдарлама кестесіне қатысушы компаниялардың конференциялары, дөңгелек үстелдері мен семинарлары кірді. Биылғы іскерлік бағдарламаның басты жаңалығы алғаш рет Қазақ нейромодуляция қоғамы, Қазақстан кардиологтар қауымдастығы, Қазақ нейрохирургтер қауымдастығы, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ, Shashkin Clinic, «Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» ҚБ, Назарбаев Университеті медицина мектебімен бірлесіп ұйымдастырылған I Халықаралық медициналық форум «Medinnovations Forum» болды. «Medinnovations Forum» өз жұмысын Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің денсаулық сақтау саласына инновацияларды енгізу сессиясынан бастады. Сондай-ақ, бірінші күннің іскерлік бағдарламасы «Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 2024: проблемалар мен перспективалар. MedTech 2024» атты дөңгелек үстелін қамтыды, онда сарапшылар елдегі фармацевтикалық қызметті дамытудағы негізгі қиындықтарды талқылады. Семинар аймағында Инжениум Групп, LIMI Consulting service, LAB Technology, Ordamed компанияларының көшбасшылары мен жетекші сала мамандары бірқатар оқыту семинарларын өткізді. 16 мамыр күні «Medinnovations Forum» және семинар аймағы өз жұмысын жалғастырды, онда САТР орталығының мамандары, Medstandard, Adamant Group және Koordynacja Mariusz Strzecha, MediBox денсаулық сақтау саласындағы заманауи әдістер мен инновациялық шешімдермен бөлісті. 17 мамыр күні «Антиобиотикке төзімділік. Денсаулық сақтау саласындағы қиындықтар» Республикалық конференциясы және Зертханалық медицина мамандарының форумы: «Емдеу орны бойынша зерттеулер/point of care/уақыт – ағымдағы мәртебе, болашағы және тенденциялар», оның ұйымдастырушысы «Зертханалық медицина Федерациясы» болды. Көрме алаңында алғаш рет Бірінші медициналық арнаның телестудиясы болды, онда дәрігер-практиктер мен денсаулық сақтау сарапшылары заманауи медицинаның ағымдағы міндеттерін, даму векторын және диалог алаңдарының маңыздылығын талқылады.

Көрменің техникалық жетілдірілуі ITECA.EVENTS инновациялық мобильді қосымшасының іске қосылуы болды. Оның басты міндеті - көрмеге қатысуды да, оған баруды да барынша нәтижелі ету. Қосымшаның көмегімен қатысушылар потенциалды клиенттермен кездесулер ұйымдастырып, бейджде көрсетілген QR кодтарын сканерлеу арқылы контактілерді жинай алды. Ал келушілердің қолында әрқашан көрмеде ұсынылған өнімдер мен қызметтердің тізімі, сондай-ақ іскерлік бағдарлама кестесі мен көрменің интерактивті жоспары бар қатысушылардың тізімі болды. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.

Көрмені Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы ұйымдастырды.

Ресми қолдау көрсеткендер: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «СҚ-Фармация» ЖШС, ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, Еуразиялық медициналық қауымдастығы, ҚР  фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, Қазақстан кардиологтары қауымдастығы, «Қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар қоғамы» ҚБ (КОАР), Қазақ нейромодуляция қоғамы.

2025 жылғы 21-23 мамыр аралығында Алматы қаласында KIHE көрмесінде кездескенше!