30-шы Мерейтойлы Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

30-шы Мерейтойлы Қазақстандық Халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

KIHE 2024: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТЕКШІ ІС-ШАРА ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН КЕЛГЕН МАМАНДАРДЫ БІР АЛАҢДА БІРІКТІРЕДІ

2024 ЖЫЛДЫҢ 15-17 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА 29-ШЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» - KIHE 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

KIHE 29 жыл бойы халықаралық және отандық компаниялардың мамандарына денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы және бірегей техникамен қамтамасыз ете отырып, үздік медициналық шешімдер мен озық жабдықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы экспозицияны 19 елден - Бангладеш, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Египет, Үндістан, Италия, Қазақстан, Қытай, Литва, Польша, Ресей, Сингапур, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Оңтүстік Кореядан 327 компания ұсынады. 185-тен астам компания ЭКСПО-шараға дебютант ретінде қатысады. Стендтердің 41%-ын қазақстандық компаниялар, ал қалған 59%-ын шетелдік компаниялар ұйымдастырды.

Ұжымдық стендтер мен ұлттық топтармен: Германия, Чехия, «Мәскеу экспорттық орталығы» автономдық коммерциялық емес ұйым, «Алтай шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры», Ресей Федерациясынан Кузбасс (Кемерово облысы), Беларуссиядан «Белфармпром» өздерін таныстырады.

Көрменің жұмыс күндері 3 конференц-зал іске қосылады, онда үш күн ішінде қызықты іскерлік бағдарлама өтеді. Биылғы жылдың басты іс-шарасы қазақстандық кәсіби қауымдастықтардың қатысуымен алғаш рет ұйымдастырылған I Халықаралық медициналық форум «Medinnovations Forum» болмақ. Форум аясында жабдықтар мен диагностикадағы, емдеу хаттамаларындағы, фармацевтикалық препараттардағы және түрлі ауруларды зерттеу әдістеріндегі инновациялар таныстырылады. Бұл жобалар мен зерттеулерді таныстырудың бірегей мүмкіндігі, оларды ілгерілетуге және медицина саласының мамандары арасында тәжірибе алмасуға ықпал етеді. Сондай-ақ, KIHE көрмесінің жұмыс күндері жыл сайынғы «Антибиотикке төзімділік. Денсаулық сақтаудағы сын-қатерлер» республикалық конференциясы, Зертханалық медицина мамандарының форумы, «Қазақстанның фармацевтикалық нарығы 2024: проблемалар мен перспективалар. MedTech 2024» дөңгелек үстелі және қатысушылардың семинарлары өтеді.

Биылғы жылы көрмеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «СҚ-Фармация» ЖШС, ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы, Еуразиялық медициналық қауымдастығы, ҚР  фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы, Қазақстан кардиологтары қауымдастығы, «Қазақ анестезиологтар мен реаниматологтар қоғамы» ҚБ (КОАР), Қазақ нейромодуляция қоғамы ресми қолдау көрсетті. 

Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.     

Өткізілетін орны: Алматы, «Атакент» ҚІЫО, 9,10,11 павильон, Тимирязев көшесі, 42.

  Көрменің жұмыс уақыты: 15-16 мамыр 10:00-ден 18:00-ге дейін, 17 мамыр 10:00-ден 16: 00-ге  дейін.