Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

2023 ЖЫЛҒЫ 17-19 Мамыр

Алматы, Қазақстан

Қазақстандық халықаралық «Денсаулық сақтау» көрмесі

2023 ЖЫЛҒЫ 17-19 Мамыр

Алматы, Қазақстан

ҚҰТТЫҚТАУ-ХАТТАРЫ 2022

Алматы қаласының әкімдігі “Денсулық сақтау” - KIHE 2022 Қазақстандық халықаралық көрменің қатысушылары мен қонақтарын құттықтап, қарсы алады!

Әр адамның, демек бүкіл қоғамның өміріндегі басты құндылық-денсаулық.

Денсаулық сақтау жүйесі - азаматтардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды негізі, оны уақтылы жаңғырту ұлт пен болашақ ұрпақтың даму, денсаулық кепілі болып табылады.

Еліміздің Президенті Қазақстанда 2022 жылды балалар жылы деп жариялады, бұл, сөзсіз, елімізде медициналық көмек көрсету стандарттарына және балалардың денсаулығын сақтауға әсер етеді.

Айта кету керек, біздің денсаулық сақтау жүйесі ең қиын кезеңдерде өзін дайын, қиындықтарға және жоғары жүктемелерге толықтай құзіретті екенін көрсетті.

КІНЕ көрмесінің алаңы ҚР Денсаулық сақтау жүйесі мен фарминдустриясының барлық өкілдеріне өзінің жағдайын жариялауға, әлеуеті мен инновацияларын көрсетуге, сондай- ақ болашақта дамуына жаңа серпін беруге тағы да көмектеседі деп сенемін.

Біз осындай ауқымды салалық оқиғаның еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматыда өтіп жатқанына және медицина мен фармацевтика саласындағы ақпараттық және коммуникациялық платформаға айналатынына, қатысушыларға денсаулық сақтау жүйесіндегі түзетулер, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, медицина салсындағы қызметкерлерді қорғау мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретініне қуаныштымыз.

Халықаралық қатысушылар мен отандық өндірушілер тәжірибе алмасуға, өзекті әзірлемелер ұсынуға, сондай-ақ ағымдағы уақыт шындығына сәйкес бағдарламалар мен даму векторларын құруға құнды үлес қосуға тамаша мүмкіндік алады.

Жеке өз атымнан көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына денсаулық, сындарлы диалог, жемісті жұмыс, ұмытылмас әсер және медицинаны дамытуда табыс тілеймін!

 

Досаев Е.

Алматы қаласы әкімі


 Құрметті әріптестер мен серіктестер!

“СҚ-Фармация” ЖШС атынан Сіздерді 27-ші Қазақстандық Халықаралық “Денсаулық сақтау” - KIHE 2022 көрмесінде қарсы аламын!

Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі (ТМККК және МӘМС) медициналық көмек шеңберінде халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен (ДЗ және МБ) қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтика саласының орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру арқылы фармацевтика өнеркәсібін дамыту мақсатында құрылды.

Бірыңғай дистрибьютор өз қызметінде әкімшілік-аумақтық тиесілігіне қарамастан ДЗ мен МБ бағаларын теңестіру әсерін қамтамасыз етеді, сондай-ақ пациенттерді тегін дәрі-дәрмекпен қамтуды, оның ішінде сатып алу рәсімдерінің тиімділігі есебінен (10 жыл ішінде жиынтық үнемдеу 160 млрд теңгеден астам) жоспарлы түрде ұлғайтады. Бірыңғай дистрибуция жүйесі құрылған сәттен бастап ТМККК және МӘМС шеңберінде препараттарды сатып алу көлемі құндық мәнде 10 еседен астам өсті.

Бұл ретте, Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілер мен медициналық бұйымдардың басым бөлігі қазақстандық өндіріс.

Бүгінгі таңда отандық фармацевтика өнеркәсібі тиімді мемлекеттік қолдау шараларының арқасында табысты инвестициялаудың үлкен әлеуетіне ие.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында “СҚ-Фармация” ЖШС базасында медициналық техниканы сатып алуды екі кезеңде орталықтандыру жоспарлануда: медициналық техниканы сатып алуды орталықтандыру және Қазақстан Республикасының аумағында ұзақ мерзімді шарттар мен келісімшарттар жасасу арқылы медициналық техниканы өндіруді оқшаулау.

“СҚ-Фармация” ЖШС “Денсаулық сақтау” - KIHE 2022 жобасын өткізуді белсенді қолдайды.

Осындай форматтағы іс-шаралар мамандарға жаңа жабдықтармен және технологиялармен танысуға мүмкіндік береді, серіктестік қатынастарды дамытуға, бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ отандық экспорттаушылардың әлеуетін ашуға және қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарға жылжытуға ықпал етеді.

KIHE 2022 жобасының қонақтары мен қатысушыларына жемісті жұмыс және тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізуді тілеймін!

 

Искалиев Е.

“СҚ - Фармация” ЖШС Басқарма Төрағасы


Құрметті “Денсаулық сақтау” - 2022 көрмесіне қатысушылар мен қонақтар!

Қазақстан Республикасындағы халықаралық фармацевтика өндірушілері қауымдастығының атынан “Денсаулық сақтау”-KIHE 2022 27-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің қонақтары мен қатысушыларын қарсы аламын.

KIHE көрмесі Орталық Азиядағы ірі диалог алаңы болып табылады, онда отандық және

шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер медициналық және фармацевтикалық салаларға

арналған жабдықтарды, қызметтерді және технологияларды көрсетеді.

Отандық фармацевтика саласының серпінді дамуының, халықаралық фармацевтика индустриясымен ынтымақтастықтың арқасында жаңа өндірістер құрылуда және фармацевтикалық қызметтің қазіргі объектілері жаңғыртылуда.

Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы қазақстандық нарықта дәрілік препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіруші Халықаралық фармацевтикалық компаниялардың кәсіби және іскерлік мүдделерін білдіреді.

Қауымдастық 1999 жылдың наурыз айында құрылды және бүгінгі күні оның мүшелері әлемнің 56 ірі фармацевтикалық компаниясы болып табылады.

Өткен екі жыл ауыр пандемия жағдайында өтті, денсаулық сақтау жүйесі үшін және әрқайсымыз үшін сынақ болды.

Қауымдастық мүшелері еліміздің практикалық денсаулық сақтау саласына 300 млн. теңгеге жуық сомаға гуманитарлық көмек көрсетті, оқыту вебинарлары мен консультацияларын өткізуге қатысты.

Биыл KIHE көрмесіне әлемнің 13 елінен 200-ден астам компания қатысып жатқанына қуаныштымын. Көрмеге қатысу және іскерлік бағдарламаға қатысу қазақстандық мамандарға медицина және фармацевтика саласындағы ең озық технологиялар мен жабдықтармен танысуға мүмкіндік береді.

Жыл сайын өткізілетін көрме денсаулық сақтау саласындағы жаңа жетістіктермен танысу, жаңа медициналық және ғылыми перспективаларды анықтау, емдеудің жоғары

технологиялық әдістерін тарту, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-шаралар туралы ақпарат алмасу үшін тамаша мүмкіндік береді.

Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс тілеймін!

 

Локшин В.

Профессор

Қазақстан Республикасындағы Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер

қауымдастығының Президенті


Құрметті “Денсаулық сақтау” - KIHE 2022 көрмесінің қатысушылары мен қонақтары!

Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы атынан “Денсаулық сақтау”-KIHE 2022 Қазақстандық халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтарына қош келдіңіздер деймін.

Біз ұзақ үзілістен кейін көрменің өз жұмысын қайта жандандырғанына қуаныштымыз.

Бұл денсаулық сақтау саласындағы ірі көрнекілік, іскерлік және диалогты оқиға болып

табылады.

Осы жылы көрмеде көптеген қатысушылардың экспозициялары ұсынылды.

Олар мамандардың назарына медициналық тағайындалудағы барлық заманауи жабдықтар мен бұйымдардың спектрін, барлық денсаулық сақтау мен фармацевтика саласының әлемдік және отандық жетістіктерін көрсететін болады.

“Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы” нысанындағы ЗТҰ 1996 жылдың 5 маусымында құрылған және дәрілік

заттарды, медициналық тағайындалудағы бұйымдар мен медициналық техникаларды қолдану саласындағы өз қызметтерін жүзеге асыратын формацевтикалық нарықтың 100 аса субъектісін біріктіреді.

“Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы” нысанындағы ЗТҰ “Денсаулық сақтау” - KIHE көрмесін өткізу идеясын

ресми қолдайды.

KIHE 2022 қатысушылары мен қонақтарына табысты жұмыс тілеймін!

 

Дурманова М.

Қауымдастық Президенті


Құрметті “Денсаулық сақтау” - KIHE 2022 Қазақстандық халықаралық көрмесінің қатысушылары мен қонақтары!

Еуразиялық медициналық Қауымдастықтың атынан “Денсаулық сақтау” - KIHE 2022 Қазақстандық халықаралық көрмесіне қош келдіңіздер!

“KIHE 2022” көрмесі - Қазақстан Республикасындағы ең ірі салалық көрме, оны ұйымдастыруға біздің Қауымдастық дәстүрлі түрде қатысады.

Көрме отандық және шетелдік медициналық индустрияның жетістіктерімен, ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерімен танысуға мүмкіндік береді, бұл жалпы денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.

Аталған іс-шара отандық және шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасу үшін бірегей алаң болатынына және республика халқының денсаулығын нығайтуда маңызды рөл атқаратынына сенімдімін.

Барлық қатысушыларға жемісті жұмыс пен табыс тілеймін!

 

Құрметпен,

Ясылов Е.

Еуразиялық медицина қауымдастығы

Басқарма төрағасының орынбасары


Құрметті ханымдар мен мырзалар!

“Атакент” ҚІЫО (Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы) атынан және жеке өз атымнан “Денсаулық сақтау” - KIHE 2022 - 27-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің барлық қатысушылары мен қонақтарын қарсы алуға қуаныштымын!

Қазіргі әлемде медицина мен фармацевтика өнеркәсібі экономиканың қарқынды дамып келе жатқан секторларына жатады.

Қазақстанда да солай, ширек ғасырдан астам уақыттан бері KIHE Орталық Азияның денсаулық сақтау саласындағы көрмелері арасында жетекші орынға ие.

Бүгінгі таңда бұл көрменің инновациялар, соңғы әзірлемелер, денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика саласындағы соңғы жетістіктер туралы ақпараттандыратын барлық медициналық қауымдастықты біріктіретін алаңға айналуы өте маңызды.

KIHE көрмесі аясында “Атакент” ҚІЫО павильондарында дәстүрлі түрде медициналық жабдықтардың үздік үлгілері, дәрілік заттар, ауруларды емдеу мен диагностикалаудың жаңа технологиялары ұсынылатын болады.

KIHE көрмесі мемлекеттік органдар, ғалымдар мен ірі өндірістік компаниялар арасында тиімді әрі сындарлы диалогты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне, ал практик дәрігерлер саланы дамытудың өзекті мәселелері мен медициналық шығындардың алдында тұрған сын-тегеуріндерді талқылай алатынына сенімдімін.

Іс-шараның қатысушылары мен қонақтарына нәтижелі жұмыс, сапалы кездесулер және белгіленген нәтижелерге қол жеткізуде табыс тілеймін!

 

Абдуллаев Т.

“Атакент” ҚІЫО” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы


Құрметті көрмеге қатысушылар мен қонақтар “Денсаулық сақтау” - KIHE 2022!

Iteca және ICA компанияларының ұйымдастырушылары атынан “Денсаулық сақтау” -

KIHE 2022 27 - ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің қонақтары мен қатысушыларын қарсы аламыз!

25 жылдан астам “Денсаулық сақтау”-KIHE Қазақстандық Халықаралық көрмесі Орталық Азиядағы ғылыми және практикалық медицина мен фармацевтика саласындағы жетістіктердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады және жыл сайын ағымдағы үрдістерді, саланың өзекті проблемаларын және оларды одан әрі шешу векторын айқындай отырып, отандық медицинаның дамуына қомақты үлес қосып келеді.

Екі жылдық үзілістен кейін KIHE жобасы түрлі мамандықтағы дәрігерлерді, фармацевтерді, түрлі елдердің билік және бизнес өкілдерін қайтадан біріктіргеніне өте қуаныштымыз.

Биыл шараға 200-нан астам компания қатысады. Қатысушылардың 40%-ы отандық өндірушілер мен жеткізушілер, 35%-ы - ресейлік компаниялар, олар жеке экспозициялармен де, Мәскеу экспорттық орталығының, Татарстан Республикасының, Самара, Новосибирск және Свердлов облыстарының ұжымдық стендтерімен де қатысады.  

Беларусь кәсіпорындары дәстүрлі түрде жеке және “Белфармпром” холдингінің құрамына қатысады, ал Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі жанындағы экспортты жылжыту агенттігінің стендінде 11-нан астам кәсіпорын болады.

Сонымен қатар, Чехияның өнеркәсіп және сауда министрлігі мамандарды Чех өндірушілерінің өнімдері мен қызметтерімен таныстырады.

Көрмеге Австрия, Египет, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Пәкістан және Польша компаниялары қатысады.

Әдеттегідей, біз медицина саласының қызметкерлерін жаңа технологиялармен және жабдықтармен таныстыру, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру үшін мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырдық.

Көрме күндері екі залда 30-дан астам конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар мен шеберлік сыныптары өтеді. Бағдарлама мемлекеттік және жеке емдеу

мекемелерінің басшыларына, түрлі мамандықтағы дәрігерлерге, фармацевтерге, зертханашыларға, медициналық техниканы өндірушілер мен жеткізушілерге, фармацевтикалық кәсіпорындардың басшылығына қызықты болады.

Біз KIHE 2022 жобасы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық технологияларды енгізуге және отандық денсаулық сақтауды дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз.

KIHE 2022 көрмесінің барлық қонақтары мен қатысушыларына жемісті жұмыс, табыс және мықты денсаулық тілейміз!

 

KIHE ұйымдастыру комитеті